UEFA футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің голын 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турниріндегі ТОП-10 голдың қатарына қосты, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген 26 наурызда Астана аренада Данияға қарсы өткен ойында Каспер Шмейхельдің қақпасына әдемі гол соққан болатын.
UEFA-ның баспасөз қызметі 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турниріндегі 10 үздік голды жариялады. Бұл тізімге қазақстандық футболшыдан бөлек Жан Випотник (Словения), Эмин Махмудов (Әзербайжан), Юнус Акгюн (Түркия), Килиан Мбаппе (Франция), Ясир Асани (Албания), Кристьян Аслани (Фарер аралдары), Букайо Сака (Англия), Сандро Вольфингер (Лихтенштейн), Леандро Троссар (Бельгия) соққан голдары да енді.
ҚФФ Instagram-дағы ресми парақшасында Асхат Тағыбергенге мына сілтеме арқылы дауыс беруге болатынын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Тобыл» футбол клубының директоры қызметінен кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).