АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейін қыздар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде екінші ойынын Мальтаға қарсы өткізді.
Екі құрама тоқсан минут бойы бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Қарсыластар 0:0 есебіне қанағат білдірді. Қазақстандық футболшылар іріктеу кезеңіндегі алғашқы ұпайына қол жеткізді.
Айта кетсек, бұдан бұрын олар Латвиядан 1:3, Косоводан 1:2 есебімен ұтылып қалды.
Нәтижесінде қазақстандық футболшылар бір ұпаймен өз тобында төртінші орынды місе тұтты.
Әрбір топта бірінші орын алған құрамалар алдағы маусымда А лигасында бақ сынайды. Сондай-ақ Польшада өтетін финалдық кезеңге қатысуға ммүмкіндік алады.
Қазақстандық футболшылар бірінші іріктеу кезеңінде Румыния мен Латвиямен 0:0 есебімен тең ойнаса, Лихтенштейннен 7:0 есебімен басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.