АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейін қыздар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіне қатысады.
Ел құрамасы В лигасының 3-тобында Косово, Латвия мен Мальта құрамаларымен ойнайды.
Алдымен олар 1 сәуірде Латвиямен ойнаса, 4 сәуірде Косово, 7 сәуірде Мальтамен шеберлік байқасады.
Әрбір топта бірінші орын алған құрамалар алдағы маусымда А лигасында бақ сынайды. Сондай-ақ олар Польшада өтетін финалдық кезеңге қатысады.
Қазақстандық футболшылар бірінші іріктеу кезеңінде Румыния, Лватиямен 0:0 есебімен тең ойнаса, Лихтенштейннен 7:0 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, бүгін футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциямен ойнайды.
Ал одан кейін 28 наурызда Португалия, 30 наурызда Беларусьпен шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.