АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын Португалияға қарсы өткізді. Кездесу барысында португалиялық құрамадан Афонсу Моуринья (14, 33-минутта) екі гол соқса, тағы бір голды Леонилду Балде 38-минутта пенальтиден енгізді.
Оған қазақстандық Семен Тарасенко 32-минутта пенальтиден бір голмен жауап берді.
Осылайша жастарымыз қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберіп қойды. Олар бұдан бұрын дәл осындай есеппен Францияға жол берген еді.
Екі ойыннан кейін ұпай ала алмаған қазақстандық жастар құрлықтық дода финалдық кезеңіне берілетін жолдамадан құр қалды. Оны Португалия мен Франция өзара сарапқа салады. Екеуі де алғашқы екі турда ұпай жоғалтқан жоқ.
Енді отандастарымыз ерте, 30 наурызда Беларусьпен шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.