АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан еліміздің 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Нидерландқа жол берді.
Қазақстандық жастар бірінші топта сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Нидерланд, Украина және Словения құрамалары.
Бүгінгі кездесуде нидерландтық футболшылар Қазақстан қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Салдарынан біздің жастар қарсыласына 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Енді олардың алдағы ойыны 19 қарашада сағат 23:00-де Словенияға құрамасына қарсы өтеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық жастар Украинаны 2:1 есебімен жеңген еді.
Еске салсақ, бұдан бұрын FIFA 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының кубогын таныстырды.
Кубок 5 желтоқсанда Майамиде өтетін турнирдің жеребе тарту рәсімі кезінде көпшілікке көрсетіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.