Үшінші кездесуінде қазақстандық ойыншылар Беларусьпен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында ел құрамасынан Әлихан Хасен мен Әлмерек Тілеуберген гол соқса, оған беларусьтік футзалшылар бір голмен жауап қайырды.
Осылайша қазақстандық жастар қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, іріктеу кезеңінде үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетсек, бұдан бұрын отандастарымыз Франция мен Португалиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалған еді.
Құрлықтық дода қазақстандық жастар төмендегі құрамда ойын көрсетті.
Қақпашылар: Әскер Наурызбаев («Байтерек»), Артур Галиханов («Аят»);
Алаңдағы ойыншылар: Георгий Калачев («Тұлпар»), Алязиз Камалов, Әлихан Хасен, Сайфулла Коспанов (барлығы — «Ақтөбе»), Әлімжан Сейіттнұр («Жетісу»), Нұрмұхамед Исмайылов, Заур Гайдаржи (екеуі — «Аят»), Диас Нышанов («Ордабасы»), Әлмерек Тілеуберген («Қайрат»), Семен Тарасенко («Тюмень», Ресей).