Ойынның бірінші кезеңінде қазақстандық құрамадан Лео өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Екінші кезеңде Ақжол Дәрібай 39-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша ел құрамасы қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Ел құрамасы алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен шеберлік байқасады. Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі матч ойнайды.
Іріктеу кезеңі 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 12 наурызы аралығында болады.
Ел құрамасы енді 18 желтоқсанда өз алаңында Арменияны қабылдайды.
Ал 2025 жылдың 1 ақпанында сырт алаңда Даниямен ойнаса, одан кейін аталған құрамамен өз алаңында 5 ақпанда шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, 7 наурызда өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.
Бас бапкер Рикардо Кака Албания мен Арменияға қарсы екі кездесуде тізімге 17 ойыншы енгізді.