АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын Арменияға қарсы өткізді.
Кездесуде екі құрама тартысты ойын көрсетті. Құрамалар бір-бірінің қақпасына төрт-төрттен гол соқты.
Осылайша ойын 4:4 есебімен тең түсті.
Енді қазақстандық футболшылар алдағы төрт ойынын 2025 жылы өткізеді. Алдымен 1 ақпанда сырт алаңда Даниямен ойнаса, одан кейін аталған құрамамен өз алаңында 5 ақпанда шеберлік байқасады.
Сондай-ақ 7 наурызда Қазақстан футзалшылары өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Албаниядан 2:0 есебімен басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.