EURO-2027: футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу кезеңін сәтсіз бастады

АСТАНА. KAZINFORM - 2027 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңінде футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойынын Чехияға қарсы өткізді.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бұл кездесуде қарсыластарымыз қарсыласына 2:7 есебімен жеңіліп қалды. Олардың қатарынан Әсем Қаражанова мен Жансая Әубәкір мергендік танытса, Зулейра Әбішева пеналтиді сәтті орындай алған жоқ.

Отандастарымыз А тобында сынға түседі. Қарсыластарымыз - Чехия, Беларусь және Норвегия. Ойындар 17-22 наурыз аралығында Норвегияда өтеді.

Енді отандастарымыз 19 наурызда Норвегия, 21 наурызда Беларусьпен шеберлік байқасады. Бұл топта бүгін Норвегия мен Беларусь 0:0 есебімен тең ойнады.

Ұлттық құраманың аға бапкері Сәкен Наукенов шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Светлана Гейниц, Зулейра Әбішева (екеуі де - «Қайрат»);

Алаңдағы ойыншылар: Жансая Әубәкір, Светлана Ступина, Лунара Мыңжасар, Лаура Шутова (барлығы «Қайрат»), Аяжан Шамбаева, Милана Ткач (екеуі де - «Атырау»), Әсем Қаражанова, Валерия Акиева (екеуі де - «Ақтөбе»), Айсана Зекен («Астана»), Людмила Коноплева («Alliance Астана»), Данира Алканова, Рамина Иманжанова, Гүлім Кенжетай (үшеуі де - «Қайрат» футзал).

Ал B тобында Босния және Герцеговина, Сербия, Англия, Литва, C тобында Словения, Франция, Солтүстік Ирландия, Латвия сынға түседі.

Әрбір топтың жеңімпазы мен үздік нәтижеге қол жеткізген екі құрама жарыстың келесі сатысына шығады.