Еуро-3, Еуро-4 стандарттарын біртіндеп қолданатын боламыз - Ә. Құсайынов

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еуро-3, Еуро-4 стандарттарын біртіндеп қолданатын боламыз. Бұл туралы бүгін Астанада Елбасының Жолдауын жүзеге асыру міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде Әбілғазы Құсайынов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кезең-кезеңмен экологиялық Еуростандарттары енгізілетінін жеткізген министр, «өздеріңіз білесізде, бұл үлкен проблема. Соңғы жылдары экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылуда. Алматыда бүгінде автокөлік санының көптігі қаланың көлік түтінінен газдалуы көлеміне әсер етуде. Сондықтан жұмыс екі бағыт бойынша жүргізілуде. Оның ішінде ең бастысы Еуро-2 стандартының орындалуын қамтамасыз ету»,-деді.

Ескі машиналарды әкелудің қажеті жоқ екенін ескертіп өткен Ә. Құсайынов, «енді барлық стандарттарға сай басқа санатқа көшу керек. Бүгінде біздің көршілер мен Еуропа елдері Еуро-3, Еуро-4-ке қол жеткізіп отыр. Біз біртіндеп бұл стандарттарды қолданатын боламыз»,-деді.