Еуро аймақта жаңа экономикалық құлдырау болмайды - Баррозу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроаймақ жаңа экономикалық құлдырауға ұрынбайды, алайда экономикалық реформаларды дамытуға күш салу керек, деп мәлімдеді Еурокомиссияның басшысы Жозе Мануэль Баррозу. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.

«Меніңше, біз рецессияға қайта ұрынбаймыз. Әрине, біз салғырттықтан да аулақ болуымыз керек», - деді ол.

Баррозудың айтуынша, Еуропа экономикасын барынша тартымды ете түсу үшін шешімді экономикалық реформаларға қадам басу керек.