«Санкциялар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі резолюциясын елемей ядролық және баллистикалық бағдарламаларын жедел дамытып жатқан КХДР-ға деген қысымды қолдау құралы ретінде қабылданған», - деп жазылған ЕО Кеңесінің хабарламасында.
17 адам «БҰҰ және шет мемлекеттер салған санкциялардан жалтарып, заңсыз сауда әрекеттеріне барғаны үшін» жеке тұлғалар тізіміне іліккен.
Қазіргі уақытта Еуро Одақтың КХДР-ге салған санкциясының жеке тұлғалар тізіміне 58 жеке және 10 заңды тұлға еніп отыр.
БҰҰ санкциясының толық тізімінде барлығы 79 жеке және 54 заңды тұлға бар.