Айта кетейік, бүгінгі апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов ертең, сәуірдің 20-сы күніне жоспарланған Еуроатлантикалық әріптестік кеңесі конференциясына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасының арнайы уәкілі - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигаловтың қатысатындығы туралы хабардар еткен болатын.
НАТО басшылығының арнайы шақыруымен конференция жұмысына қатысатын К.Жигалов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитінде жария еткен ұсыныстарына сәйкес Қазақстан Республикасының ядролық қауіпті қысқартуға қатысты ұстанымы жайында баяндайды. Сондай-ақ, ол өзінің әзірбайжандық әріптестерімен екі жақты кеңестер өткізеді деп жоспарланған болатын.