Еуроаймақ елдеріндегі жұмыссыздық 12 пайызға дейін өсті

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2013 жылдың ақпанында еуроаймақтың 17 еліндегі жұмыссыздық рекордтық деңгейге жетіп, 12 пайызды құрады. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Осы орайда еуроаймақ елдерінде жұмыссыздар саны 19 млн. адамға жетті.

Жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші Австрияда (4,8 пайыз), ал ең жоғары деңгейі Грецияда (26,4).