Еуроаймақта жұмыссыздық жаңа рекордтық көрсеткішке жетті
Reuters агенттігінің көрсетуінше, жұмыссыздықтың қазіргі деңгей тарихи шарықтау болып есептеледі. Бұған дейінгі рекорд 10,3 пайыз болған еді.
Eurostat-тың бағалауынша, еуроаймақ елдерінде жұмыссыз қалған азаматтардың саны 16,9 миллионнан асқан. Өткен 2011 жылдың қаңтарымен салыстырғанда (жұмыссыздық деңгейі 10 пайыз) биыл еуро аймағында жұмыссыздық 1,221 миллион адамға өскен. Еуроодақтың 27 елінде 2012 жылғы қаңтарда жұмыссыздық 10,1 пайызға (24,3 миллионға жуық адам) артқан.
ЕО елдерінің арасында жұмыссыздық Испанияда жоғары (23,3 пайыз) болғаны тіркелген. Грекияда 2011 жылғы қаңтардағы мәлімет бойынша 19,9 пайыз, Ирландия мен Португалияда 14,8 пайыздан болып отыр.
Жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Австрияда (4 пайыз), Нидерландыда (5 пайыз) және Люксембургте (5,1 пайыз) байқалуда.