Жалпы ЕО бойынша жұмыссыздық деңгейі 8,9% құрады. Желтоқсан айымен салыстырғанда 9%-ға төмендеген. Бұл 2009 жылғы мамыр айынан бергі ең төменгі көрсеткіш болды.
Есептік айда ЕО-дағы еңбекпен қамтылмағандардың саны 21,789 млн. адамды, еуроаймақта 16,647 миллионды құрады.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша ЕО елдері арасындағы жұмыссыздықтың төменгі деңгейі Германия (4,3%), Чехия (4,5%), Мальта және Ұлыбританияда (5,1%-дан) байқалды.
Керісінше, жұмыссыздықтың ең жоғары көрсеткіші Греция (24,6%) және Испанияда (20,5%) тіркелген.