Еурокеңес төрағасы Украина бойынша ЕО көшбасшыларының шұғыл саммитін шақырады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 6 наурызда Брюссельде ЕО 28 мүше-мемлекеттері көшбасшыларының кезектен тыс отырысы өтеді. Бұл туралы Еуропалық кеңестің төрағасы Херман Ван Ромпейдің мәлімдемесінде айтылған.

«ЕО елдерінің басшылары Украинадағы соңғы оқиғаларды және осы елдегі жағдайды ушықтырмаудың қажетті шараларын талқылайды», - делінген Ван Ромпейдің мәлімдемесінде.

Брюссельдегі брифингіде Испанияның сыртқы істер министрі Хосе Антонио Гарсиа-Маргаллоның хабарлағанындай, саммитке Украина премьер-министрі Арсений Яценюкті шақыру жоспарлануда.