деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
«Егер мен ЮНЕСКО-ның Бас директоры болсам, ұйымға саяси шырай беріп, оның жұмысының елеулі болуына қол жеткіземін», - деді Ферреро-Вальднер «Контакт» радиостансысына берген сұхбатында.
Еурокомиссияның жаңа құрамын қалыптастырумен оның жаңа басшысы айналысатын болады. ЕО-ның 27 елінің басшылары Брюссельдегі маусым саммитінде Еурокомиссияның төрағалығына португалдық Жозе Мануэль Баррозудың кандидатурасын бірауыздан ұсынған болатын, алайда ЕО атқарушы билігін басқару үшін бұл шешімді Еуропарламент мақұлдауы тиіс.
Баррозудың Еурокомиссияның төрағасы лауазымындағы мандатын ұзартуға дауыс беру қыркүйектің 16-сында Страсбургте Еуропарламенттің жалпы сессиясында өтеді.