2013 жылды «Азаматтардың Еуропалық жылы» деп атауға ұсыныс білдірді. Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бұл бастаманың мақсаты - еуропалық азаматтардың ЕО-ға мүше барлық 27 ел аумағында еркін жүріп-тұру құқығын толықтай жүзеге асыруға көмектесу болып табылады. Егер 2013 жылы азаматтардың Еуропалық жылы болып белгіленсе, Еуроодақ бойынша бірқатар іс-шаралар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылып, солардың аясында еуропалықтардың өз құқықтары туралы білімін арттыру жоспарлануда. Жоспар бойынша жылды атап өтуге 1 миллион еуро жұмсалмақ.