«Болгарияда кеше түнде болған автобус апатынан қаза тапқандардың отбасы мен достарына қайғыра көңіл айтамын. Сондай-ақ, зардап шеккендердің сауығып кетуін тілеймін. Мұндай қайғылы жағдайда Еуропа сіздермен бірге», - деп жазды У.Ляйен Twitter-де.
Ресми тұлғалардың айтуынша, Болгарияның батысында автобус апатқа ұшырап, кейін өртеніп кеткен. Кем дегенде 45 адам, соның ішінде 12 бала мерт болған.
Оқиға жергілікті уақытпен сағат 02:00-де ел астанасы Софиядан оңтүстік-батысқа қарай Бознек ауылына жақын маңда тасжолда болған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көлік құралы Солтүстік Македонияда тіркелген. Автобуспен Түркиядан келе жатқан туристерді тасымалдаған. Жеті адам автобустан шығып үлгерген, олар күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.