Еурокомиссия ЕО-ға Грузияға көмекке 46 млн. еуро бөлуді ұсынды
17:08, 14 Қаңтар 2011
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Еурокомиссия Еуропалық одаққа Грузияға 46 млн. еуро көлемінде көмек бөлуді ұсынды. Бұл қаражат, Брюсселдің пікірінше, таяу екі жылда елдің қаржылық жүйесінің іс-әрекетке қабілеттілігін қолдауы тиіс.
Соманың жартысын грант түрінде бөлу жоспарлануда, қалғаны қарыз ретінде берілмек, деп хабарлайды РБК Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Еурокомиссия ұсынысы ЕО және Еуропарламентке мүше-елдердің мақұлдауын алуы тиіс.
Тбилиси қалай болғанда да ЕО «Шығыс серіктестігі» бағдарламасы аясында көмек алатынын атап өтуге болады. Сонымен бірге Тбилиси Еуроодақ және Реформа жүргізу сферасындағы халықаралық валюталық қор алдындағы міндеттемелерін сақтауы қажет болады.