Еурокомиссия Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы байланыстардың кеңейтілуін тағатсыздана күтеді - Жозе-Мануэль Баррозу

БРЮССЕЛЬ. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Мемлекет басшысын сайлаудағы айқын жеңісімен Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе-Мануэль Баррозу құттықтады.

Бұл туралы Бельгиядағы ҚР Елшілігі хабарлап отыр.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Қымбатты Президент мырза,

Мен Сізді Қазақстан Республикасының президенттігіне қайта сайлануыңызбен құттықтағым келеді.

Еурокомиссия Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы байланыстардың кеңейтілуін тағатсыздана күтеді.

Еуропалық комиссия Сіздің Үкіметпен біздің ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту мәселелеріне, сонымен қатар сіздің елдегі маңызды экономикалық және саяси реформаларды батыл қолдауды жалғастыруға қатысты өзара тиімді келіссөздер жүргізуге дайын.

Мен осы маңызды міндетке менің өзімнің де зор ықылас танытып отырғаныма сендіргім келеді.

Қымбатты Президент мырза, менің Сізге зор құрметпен қарайтыныма сеніңіз.

Жозе Мануэль Дюрао Баррозу