Еурокомиссия ГФР-дан жұмыртқа мен еттің импортына тыйым салыну қажеттілігін көріп тұрған жоқ

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Еуропалық комиссия Германиядан басқа мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортына тыйым салынуы «үйлеспейтін үрдіс» деп санайды.

Еуропалық шенеуніктердің пікірінше, диоксинмен зақымданған өнімдер тұтынушылар үшін ешқандай қауіп туғызбайды, деп хабарлайды РБК.

Еурокомиссияның пікірінше, диоксин туғызған түсініспеушілік Германиядан әкелінетін импорт тағамдарына ешқандай тыйым салуға жол бермеуі керек.

"Бұл ешқандай үйлеспейтін мәселе", - деп атап көрсетті Брюссельде ЕО комиссарының тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі өкілі.