«Еурокомиссия грек халқының тәуелсіз және демократиялы таңдауын сыйлайды. Біз жаңа үкіметпен ол құрылған сәттен-ақ әрекеттесуге дайынбыз», - деді Маргаритис Шинас.
Оның сөзіне қарағанда, Еуропалық комиссия Грекияға реформалау мәселелерін шешуге көмектесуге әзір. Естеріңізге сала кетейік, Грекияда өткен жексенбі күні уақытынан бұрын парламенттік сайлау өтті. Дауыс санау қорытындысы бойынша, СИРИЗА коалициясы парламенттегі 300 орынның 149-на ие болды. СИРИЗА «Тәуелсіз гректер» партиясымен коалиция құрады деп күтілуде. СИРИЗА-ның экономикалық бағдарламасы Халықаралық валюта қоры, Еуропалық орталық банк және Еуропалық комиссия міндеттеген қатаң экономика саясатын қолдамайды.