Бірқатар еуродепутат Израильдің Ливандағы БҰҰ уақытша күштерінің нысандарына бірнеше рет шабуыл жасағаннан кейін елдегі БҰҰ миссиясын қорғауға шақырды.
Пікірталасқа Дағдарысты басқару жөніндегі Еурокомиссар Янез Ленарчич қатысып, Еуроодақ ХАМАС-ты қаржыландырып отыр деген кейбір айыптаулардың негізсіз екенін айтты.
«ЕО ХАМАС-ты қаржыландырмайды. Сонымен қатар, Еурокомиссия Израильге қару-жарақ жеткізумен айналыспайды. Бұл ЕО-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен жасалған екіжақты келісімдермен реттеледі», - деді Янез Ленарчич.
Бұдан басқа, Еурокомиссар қақтығыс тараптарын азаматтық инфрақұрылымды қиратуды және БҰҰ-ның «UNIFIL» уақытша күштеріне шабуылдарды тоқтатуға шақырды.
Бұған дейін Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Ливаннан 20-ға жуық зымыран ұшырылғанын тіркеді.