Еурокомиссия президенті АҚШ тарифтеріне қарсы шаралар туралы айтты
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен АҚШ-тың Еуропадан болат пен алюминий экспортына баж салығын енгізу туралы шешіміне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
- Тарифтер – бұл бизнес үшін жаман, ал тұтынушылар үшін одан да нашар. Еуроодаққа қарсы негізсіз тарифтер жауапсыз қалмайды – олар қатаң және пропорционалды қарсы шараларды тудырады, - деп атап өтті Урсула фон дер Ляйен.
Оның айтуынша, Еуропалық Одақ өзінің экономикалық мүдделерін қорғау үшін әрекет етеді.
- Біз жұмысшыларды, кәсіпорындарды және тұтынушыларды қорғаймыз, - деп сендірді ЕК басшысы.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың алюминий мен болаттың барлық импортына 25 пайыздық баж салығын салғаны хабарланған болатын.
Еске сала кетсек, Дональд Трамп барлық болат пен алюминий импортына 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді.