Бұл туралы Брюссельде қазақстандық журналистерге ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еурокомиссия басшысы Ж. Баррозумен болған кездесуден кейін айтты.
«Баррозу мырза атап өткендей, ол биылғы жылы Қазақстанға сапар жасауға ниетті, себебі бірінші кезекте Еуроодақтың Қазақстанмен арада әріптестік орнату маңыздылығын және биыл Қазақстан мен ЕО арасында қарым-қатынастардың 20 жылдығын атап өтуді мәртебе санайды», - деді Е. Ыдырысов.