«Еуропалық комиссия бүгін Еуропалық парламентке және ЕО Кеңесіне егер түрік билігі шұғыл тәртіппен визалық режимді ырықтандыру жөніндегі жол картасынің негізгі мақсатты көрсеткіштерін орындаған жағдайда (олар мұны істеуге 2016 жылғы 18 наурызда, ЕО-Түркия саммитінің қорытындысымен міндеттенген болатын - ред.) Түркия азаматтары үшін визалық режимді алып тастауды ұсынады», деп атап өтілген ЕК хабарламасында.
Егер жол картасы ауқымында Түркия тарабы барлық шарттарды орындаған жағдайда бұл елдің азаматтары үшін визалық талаптарды жұмсарту 2016 жылдың маусым айының соңына дейін болуы мүмкін.
Визасыз режим күші биометриялық төлқұжат иелеріне таралады және ұзақтығы 90 күнге дейін Шенген келісімі елдеріне баруға мүмкіндік береді.