«Кездесу мақсаты - Украинадағы жағдайды, елдегі соңғы оқиғаларды, алдағы сайлау, сондай-ақ ЕО қолдауын талқылау», - деп атап өтілді Еурокомиссия хабарламасында.
30 тамызда Еуроодақ мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының кезектен тыс саммиті жоспарланғанын атап өткен жөн. Онда Украинадағы дағдарысты, Киев пен Брюссель қауымдастығы туралы келісімді ратификациялауға байланысты жағдайлар талқыланатын болады.