«Еуромайданға» қару-жарақ жеткізіп отырған топ ұсталды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Киев милициясы «Еуромайдан» қатысушыларына қару-жарақ жеткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Украина ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қаскүнемдерден 2 Калашников автоматы, 4 тапанша, 1 карабин, сондай-ақ 800-ден астам оқ-дәрі, бейсбол таяғы мен бетперделер алынды. Бұл топты ұйымдастырушы «Еуромайдан» қатысушылардың бірі екендігі анықталды. Милицияда аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың «Еуромайдан» акциясына қатысуышыларға қару-жарақ жеткізіп тұрғандығын дәлелдейтін айғақтар бар», - делінген хабарламада.