Еуропалық телеарна Форумның ресми серіктесі атанады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Самал Ибраева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Жаңа энергия жаңа экономика» тақырыбындағы Х Астана эконмикалық форумына әлемнің түрлі елдерінен келген 900 спикер қатысады. Нақтырақ айтқанда, Астанаға Франциядан, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан және Қытайдан экономистер келеді. Шетелдік БАҚ арасынан Euronews ресми ақпараттық серіктес ретінде форумға қатысатындарын растады, сондай-ақ форумға CNN және Financial times қатысады», - деді ол.
«Жаңа энергия жаңа экономика» атты Х Астана эконмикалық форумы елордада 15-16 маусым күндері өтеді. Оған қатысу үшін 2 609 адам тіркелген.