«Бейбітшілікті сақтау мен біздің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Еуропалық одақтың басты басымдығы. ЕО ішіндегі ұтқырлыққа сеп қосу дағдарыстардың жедел түрде алдын алуға, біздің миссияны нақтылап, қауіптерге тезірек жауап беруге мүмкіндік береді», - деді еуропалық дипломатияның басшысы Федерика Могерини.
Бұл жоспар 2025 жылға қарай еуропалық қорғаныс одағын құру бағытындағы кезекті қадам болмақ. Сонымен бірге, жоспар азаматтық құрылымдық, ең бірінші кезекте көліктік жобаларды жоспарлау кезіндегі әскери талаптарды есепке алу мақсатын көздейді.
Құжат «ЕО ішінде де, оның сыртында да» әскери қызметшілер мен техникалардың қозғалыс жылдамдығын арттыруға арналған бірнеше қадамдардан тұрады.
Еурокомиссия 2019 жылға қарай қандай автомагистральдар, темір жолдар мен су жолдары әскерилердің қолданысына жарамды екенін, сонымен бірге қандай инфрақұрылымдарды жаңарту қажеттілігі барын анықтайды.
Бұған қоса Еуропалық комиссия әскери операциялар кезінде кедендік ресмилілікті жеңілдету мен жетілдіру мәселелерін қарастырып, әскери мақсаттағы қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін біріздендіру қажеттігін анықтамақ.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Еуропалық одаққа мүше-мемлекеттер жеке қорғаныс мүмкіндіктерін дамытуға арналған күштерді біріктіруге мүмкіндік беретін Қорғаныс саласындағы құрылымданған тұрақты ынтымақтастық (PESCO) бастамасына қосылған болатын.