Еуроодақ Беларус басшылығына қатысты санкция енгізді

БРЮССЕЛЬ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Дүйсенбі, 31 қаңтар күні өткен Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ел президенті Александр Лукашенконы қоса алғанда Беларус басшылығына санкция енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кеңес Еуродаққа кіруге тыйым салып, 2010 жылдың желтоқсан айында болған сайлаудан кейінгі оқиғаларға қатысқан Беларус шенеуніктерінің, соттарының, қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің активтерін тоқтату туралы шешім қабылдады. К.Эштонның сөзіне қарағанда, «бұл тізімде А.Лукашенконы қоса алғанда, 160-қа жуық ресми тұлға бар».