деп хабарлады Кеңестің баспасөз қызметінен.
Дегенмен, бұл шешімнің басқа мән-жайы мен себептері туралы ештеңе айтылмай отыр.
Еуроодақтың сыртқы істер министрлері кеңесі 31 қаңтардан бастап 158 беларусь шенеунігіне, оның ішінде Президент Александр Лукашенкоға қатысты санкциялар енгізіп, оларға Еуропа аумағына кіруге тыйым салғанына қарамастан, Еуроодақтың осындай шешім қабылдап отырғанын айта кету керек. ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, Беларусь басшылығына қатысты бұл санкциялар, Минскідегі желтоқсан оқиғаларынан кейін, Президенттің сайлаудың нәтижесіне разы болмаған Беларусь оппозициясы қалада рұқсат етілмеген наразылық акциясын ұйымдастырғаннан кейін енгізілген еді. Өкімет шараға қатысушы бірнеше жүздеген адамды қамауға алған болатын, олардың ішінде президенттікке түскен оппозиция кандидаттары да болған. Еуроодақ өкілдері беларусь өкіметін ұсталған барлық оппозицияшыларды дереу босатуды және оларға тағылған айыптауларды алып тастауды талап етті.