«ЕО-ға мүше 27 ел Ұлыбританияның Brexit-ті 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін шегеру жайындағы сауалын қабылдауға келісім берді. Осы шешім жуық арада жазбаша түрде ресми бекітіледі», - деп мәлімдеді Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск Twitter-де.
Осы келісім бойынша, оны парламент мақұлдаса, Ұлыбритания Еуроодақтан 31 қаңтардан бұрын да шығуына болады.
Айта кетейік, Ұлыбритания Еуропа одағынан 31 қазан күні шығуы тиіс еді. Бірақ тараптар бұған дейін мақұлданған келісімді ратификациялап үлгермей жатыр.
Авторы Тимур Дүйсекеев