Алайда Жоғарғы Рададан 16 қаңтарда қабылдаған заңдарды қайта қарауға шақыруда.
Бұл туралы ЕО Кеңесінің Брюссельде өткен отырысының қорытындысында айтылған.
ЕО Украинаның саяси қауымдастығы мен экономикалық интеграциясын бұлжымай ұстанып отыр. Олар жалпы құндылықтардың сақталуы мен Украина дайын болған кезде қауымдастық туралы еркін сауда аймағын құру келісіміне қол қояды дегенді негізге алып отыр.
Еуроодақ 16 қаңтар күні Жоғарғы Рада қабылдаған заң жобаларына қатысты алаңдаушылық білдіріп, оларды қайта қарауға шақырды.
Еуородақ сыртқы саяси ведомство басшыларының пікірінше, бұл заңнамалық актілер Украина азаматтарының қауымдастықтағы еркіндігіне қатысты фундаменталды құқықтарын айтарлықтай шектеп, бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам ұйымдарының қызметін қиындата түседі.