"Бала туу көрсеткішінің деңгейі күрт төмендеп жатыр. Демографиялық құлдырау сөзсіз" деп жазды ол бейсенбі күні X (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Осылайша, миллиардер "2022 жылы Еуроодақта 3,88 млн бала дүниеге келген, бұл одақ үшін рекордтық төмен көрсеткіш" деген деректерге түсініктеме берді.
Бұған дейін Маск демографиялық дағдарыс салдарынан тұтас халықтар, соның ішінде Италия, Франция және Жапония мәдениеттері жойылып кетуі мүмкін деп мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Бразилия Жоғарғы сотының алқасы өткен аптада Илон Масктың X әлеуметтік желісін бүкіл ел бойынша толығымен бұғаттау туралы шешімін қолдағанын жазған едік.