«Біз Эбола вирусына байланысты уақытпен таласып жүрміз. Сол себепті біз осы мәселені шешу үшін тезірек әрекет етуіміз керек. Сондықтан мен 24,4 млн. еуроның бөлінгенін қуана хабарлаймын. Ол вакцианалар мен осы вирустан емдеудің әдістерін жасауда кейбір ең перспективалық зерттеулерді жылдамдатуға көмектеседі», - деді Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу.
Қаржы ауқымды клиникалық зерттеулерден бастап, вирусқа қарсы жаңа препараттарды тестілеуден өткізгенге дейінгі 5 жобаға жолданады. Қаржы жуық арада тездетілген тәртіпте еуропалық «Горизонт - 2020» зерттеулер мен инновациялар бағдарламасының бюджетінен бөлінеді.