«Халықаралық қауымдастық тарапынан көрсетіліп жатқан көмекке, гуманитарлық ұйымдардың талпыныстарына қарамастан жағдай нашарлайды. Бұл қауіппен күресу үшін қажетті медициналық жабдықты ұсынып, серіктестерімізге жүк тасымалдауда жәрдемдесуіміз керек», - деп атап өтті гуманитарлық көмек және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша еурокомиссар Кристалина Георгиева.
Бөлінетін 140 млн. еуроның 97 млн. еуросы денсаулық саласындағы тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті жақсарту үшін және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Сьерра-Леоне және Либерия билігіне жөнелтіледі. 38 млн. еуро денсаулық сақтау жүйесін қолдауға бағытталады. 5 млн. еуро вирусты анықтайтын мобильді зертханаларды күшейтуге және медицина қызметкерлерінің шеберліктерін шыңдауға жұмсалмақ.