«Қазіргі уақытта індетті емдейтін дәрі жоқ. Сондықтан бұл вирусты зерттеу үшін шұғыл күш жұмылдыруымыз қажет. Бұл бағдарлама Эболаға қарсы вакцинаның дамуын және диагностикалық тестер жүргізуді жеделдетеді. Біз вирустың көзін жоюымыз қажет», - деді зерттеу мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Карлос Моедас.
Басқа жоба аясында да қатар жұмыстар атқарылуда. Ол Либерия, Кот-д'Ивуаро және Сьерра-Леон шекарасына жақын Гвения аумағындағы Батыс Африкада жасалуда. Африка аумағындағы зерттеу ғалымдарға вирустың таралуын болжауға, эпидемияның ошағы жайылған кезде дайындықты, жоспарлауды, реттілікті жақсартуға жәрдемдеседі.