Еуроодақ ЕҚЫҰ-ға Қазақстан төрағалығының табысты өтіп жатқанына риза - Г.Виганд

None
БРЮССЕЛЬ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Біз әсіресе тап қазіргідей қиын жағдайларда ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның төрағалықты жоғары деңгейде жүргізіп отырғандығына ризашылықпен қараймыз.

Мұндай ойды маусымның 18-і, жұма күні Брюссельде өткен «Қазақстан-Еуропалық одақ» ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысының қорытындысында ішкі байланыс жөніндегі Еуропалық комиссияның бас директоры Гуннар Виганд мәлім етті.

Оның айтуынша, Еуроодақ әсіресе қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселесі бойынша ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатқан. «Біз ылғи бұл тақырыпты талқыға саламыз және де біз қазақстандық тараппен жасалған көптеген байланыстың нәтижесіне қанағаттанамыз», - деді Г.Виганд.

Сонымен қатар, ішкі байланыс жөніндегі Еуропалық комиссияның бас директоры ынтымақтастықтың жаңа салаларында өзара іс-әрекетті дамытуға мүмкіндік беретін Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас ылғи да нығайып, тереңдеп отырғандығын айтты.