Еуроодақ елдерге әр мигрант үшін 6 мың еуродан ұсынып отыр

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еурокомиссия ЕО аумағынан Жерорта теңізінен құтқарылатын мигранттарды жіберетін бақыланатын орталық құру бойынша жалпы ережелерді ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Еуропадағы «бақыланатын орталық» құру тұжырымының идеясы маусым айының соңында өткен ЕО саммитінде мақұлданды. Осы орталықтарда келушілердің қайсысы халықаралық қорғанысқа мұқтаж, қайсысы депортацияланатыны туралы шешім қабылданатын болады.

Еуропалық Одақтың әрбір мүшесі өз аумағында мұндай орталықтар құру қажеттілігі туралы өз бетінше шешім қабылдайды.

Еуроодақ, өз кезегінде, осындай мемлекеттерге қажетті инфрақұрылымды және операциялық шығындарды ұсынып қана қоймай, сонымен қатар әрбір мигрант үшін 6 мың еуро төлеуге келісіп отыр.

Африка мен Таяу Шығыс елдерінен келген мигранттардың көбісі Жерорта теңізі арқылы Грекия мен Италияға дейін келіп жатыр.

Еурокомиссияның ұсыныстарына «түсіру платформалары» деп аталатын үшінші елдермен мигранттарды қабылдау бойынша аймақтық тетіктерді жасаудың ықтимал жолдары кіреді. Мұндай нысандарды Жерорта теңізінің Африка елдерінде құру жоспарланып отыр.

«Аймақтық тетіктердің мақсаты құтқарылған адамдарды Жерорта теңізінің екі жағынан тез және қауіпсіз түсіруді қамтамасыз ету болып табылады», - деп атап өтті Еурокомиссия.

ЕО түсіру платформаларын орналастыруға келіскен Африка мемлекеттеріне қаржылық және оперативтік қолдау көрсетуге дайын. Сондай-ақ, Брюссель оларға шекараларды, жабдықтарды және персоналдарды оқытуға көмектесуге ниетті.