SIS модификацияланған соң Шенген келісіміне мүше елдердің тиісті органдары лаңкестікке қатысы бар деп сезіктелетін адамдар туралы ақпарат алмаса алады. Аталып өтілгендей, жаңашылдық кедендік бақылау тиімділігін арттырып, Еуроодақ сыртқы шекарасындағы лаңкестікке қатысы бар адамдарды анықтауға көмектеседі. ЕО кедендік режімінің күшейтілуі Еуропалық одақтың Франциядағы 7-9 қаңтарда болған лаңкестікке деген жауап әрекетінің бір бөлігі болып табылады.
19:39, 29 Қаңтар 2015
Еуроодақ Франциядағы лаңкестікке байланысты шекарасын нығайтуда
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық комиссия бүгін Шенген ақпараттық жүйесін (SIS) жаңғырту туралы шешім қабылдады. Ол лаңкестікке қатысы бар адамдарды анықтауға септеспек, деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметінен.