Еуроодақ Грузиямен арадағы визалық режімді оңтайландыруды мақұлдады
Бұл екі құжат та 2011 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді, деп хабарлады ЕО Кеңесінің баспасөз қызметінен.
«Грузия мен Еуроодақ арасындағы визалардың берілу амалдарын оңтайландыру туралы» келісімге сәйкес, Грузия азаматтарының 22 санаты оңтайландырылған амалдар бойынша виза ала алады. Оларға, атап айтқанда Еуроодақта тұратын грузин азаматтарының жақын туыстары, кәсіпкерлер, ғалымдар, студенттер, журналистер кіреді. Сондай-ақ консулдық алымның құны да 65 еуродан 35 еуроға дейін арзандатылып отыр. Азаматтардың 11 санаты үшін жылдық көпреттік визалар енгізілсе, жекелеген жағдайлар үшін бес жыл мерзімге қарастырылған көпреттік визалар енгізіліп отыр.
Грузиямен визалық режімді оңтайландыру туралы келісім Шенген аумағына кірмейтін Ұлыбританиядан және визалық режімді оңтайландыру және үшінші елдермен реадмиссия туралы келісімдерге әдетте қатыспайтын Дания және Ирландия елдерінен басқа, Еуроодақтың барлық елдеріне қатысты.