Еуроодақ ішкі мобильді роумингті алып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 маусымнан бастап Еуроодақ қоғамдастық аумағындағы барлық елдердің азаматтары үшін мобильді роумингті тоқтатты. Бұдан былай мемлекетаралық бірлестіктегі барлық 28 ел аумағындағы абоненттерге қызмет көрсету құны бірыңғай болуға тиіс, деп хабарлайды ТАСС агентті.

«Бүгін ұялы байланыстың еуропалық нарықтағы бағасы бірыңғайландырылған тарихи күн», - делінген Еурокомиссияның (ЕК) бейсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде.

«Биылғы жылы еуропалықтар жазғы демалыстарында алғаш рет ұялы телефон және интернет желісін өз жеріндегі тарифпен пайдалану мүмкіндігіне ие болады», - делінген Еурокомиссия мәліметінде.