«Сіздердің елдеріңіз өңірдегі мемлекеттк реформалар жүргізудегі ең алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналды. Еуроодақ Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласын реформалауын қолдайды және барынша көмектеседі», - деді Еуроодақтың ҚР Үкіметінің мемлекеттік қызметін реформалау және жетілдіру жобасы мамандары тобының жетекшісі Джордж Мирогияннис.
Шараның негізгі мақсаты профессор-оқытушылар құрамы мен «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» ғылыми журналының редакция алқасын мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар мен қазіргі стандарттармен таныстыру және алдағы уақытта жоғары кәсіби мерзімді ғылыми басылым қалыптастыру болып табылады.
Семинар ертең де жалғасын таппақ.