Еуроодақ Кеңесі Еурокомиссияның қазіргі төрағасының кандидатурасын екінші мерзімге ұсынды

Фото: None
БРЮССЕЛЬ.  Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ -   Еуроодаққа мүше   елдердің мемлекет және   үкімет басшылары деңгейіндегі Еуропалық    одақ кеңесі  Еурокомиссияның  қазіргі  басшысы    Жозе  Монуэль Баррозудың  кандидатурасын    2009-2014 жылдар  аралығын  қамтитын  екінші мерзімге  ұсынып  отыр,

деп хабарлайды  ҚазАқпарат    тілшісі   Кеңес сайтына  сілтеме  жасап.  Кеңестің  бұл шешімі  Еуропарламентте дауысқа салынады.   Еуропарламент   депутаттары    кандидатураны  қолдаса,      Еурокомиссия президенті  өкілеттігінің  жаңа мерзімі   2009 жылдың     қараша айының  1-інен  басталып, 2014   жылдың   қазан  айының 31-інде аяқталады.

«Кеңес Еурокомиссия президентіне  қатысты  өз таңдауын жасады.   Біз,  Еуропадағылар,  климаттың  өзгеруі  және  қаржылық дағдарыс  сияқты алдымызда  тұрған   маңызды мәселелерді  шешуде    тезірек    алға жылжи аламыз  деген    үміттемін», деді   Еурокомиссияда  төрағалық  етуші  Швеция премьері  Фредрик  Райнфельдт Кеңес    шешім қабылдағаннан кейін  сөйлеген сөзінде.

Қайта    тағайындалуын    Еуроодақ   басшылары  қолдағаннан кейін  Ж. М. Баррозу  өз  кезегінде,   Еуропарламентке  хат жолдап,    Еуропарламенттің  саяси топтарымен  кездесуге  және  олармен    өзінің  Еурокомиссия  президенті  қызметіндегі    келешек саясатын   талқылауға  әзірлігін  білдірді.