Ереван мен Анкараның осынау қадамдарына қолдау білдірген Еуроодақ, екі республиканың парламенттерін осынау хаттамаларды тезірек ратификациялауға үндеді.
«Еуроодақ, Армения мен Түркияның арасындағы екіжақты қарым-қатынастың толық қалыпқа келуі аймақтың қауіпсіздігіне, орнықтылығы мен ынтымақтастығына қомақты үлес болады деп пайымдайды және осынау үдеріске техникалық қолдау білдіреді», делінген Еуроодақ төрағалығының мәлімдемесінде.
Қазанның 10-ында Цюрихте (Швейцария) өткен рәсімде аталған құжаттарға Армения Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян мен Түркия Сыртқы істер министрі Ахмед Даутоғлы қол қойды.
«Армения мен Түркияның арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамыту туралы» хаттама мен «Армения мен Түркияның арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы» хаттама ратификацияланғаннан кейін күшіне енеді.