Бұл туралы Еурокомиссияның (ЕК) жиналысында айтылды.
«Бүгін комиссия COVID-19 вакциналарын экспорттаудың ашықтығы мен авторизациялау механизмінің жұмысын маусымның соңына дейін ұзартты», – делінген Еуропалық комиссияның хабарламасында.
Белгілі болғандай, бұл шешім «ЕО-ға вакциналардың кейбір жеткізілімдеріндегі тұрақты кідірістерге» байланысты.
Бұған дейін хабарланғандай, Еуроодақ елдерінде наурыз айының соңына дейін жеткізілуі ықтимал Pfizer/BioNTech компаниялары вакцинасының қосымша 4 млн дозасын алуға мүмкіндігі болады.