Еуроодақ көшбасшылары Мерцті Германия канцлері болып сайлануымен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Фридрих Мерцті (ХДО/ХӘО) федералды канцлер болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
— Мен тығыз ынтымақтастыққа сенемін. Біз күштірек және бәсекеге қабілетті Еуропа үшін бірігіп жұмыс істейтін боламыз, — деп жазды фон дер Ляйен Bluesky онлайн қызметінде.
У.Ляйен Ангела Меркель (ХДО) тұсында отбасы істері жөніндегі бірінші министр, кейінірек Қорғаныс министрі қызметін атқарды.
Ол Фридрих Мерцті «сенімді дос және Еуропа жөніндегі сарапшы» деп атады.
ЕО Еуропалық Кеңесінің төрағасы Антонио Коста да Мерцті сайлануымен «жылы құттықтауын» білдірді.
— Мен өршіл жалпыеуропалық күн тәртібі аясындағы ынтымақтастығымызды асыға күтемін, — деп жазды Коста X онлайн қызметінде.
Еске сала кетсек, 6 мамырда Бундестаг сайлаудың екінші турында Фридрих Мерцті федералды канцлер етіп сайлады. ХДО жетекшісі 325 дауыс жинап, канцлер болып тағайындалу үшін қажетті 316 дауыстан асып түсті.